Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Ұлттық құндылықтарды жас келіндердің бойына сіңіру,ата-баба салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, аттаған босағасының шаңырағын биіктетіп, әулеттің түтінін түтетіп отырған жас келіндердің өн бойына ұлттық тәрбиені дарыту, қазақ келіндерінің бейнесін дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етіп көрсетіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Туған жер – туған ел» базалық бағытын жүзеге асыру бойынша «Ал, қанекей, келіндер!» атты байқау ұйымдастырдық. Онда сиыр сауудан онлайн-жарыс Қарақыстақ ауылдық округінің жас келіндері арасында болып өтті. Жарысқа ауыл келіндері қатысып, жақсы қырынан көрінді. Атап айтқанда, Қазақ ауылынан келген Жаңалақова Алтыным, Жалпақсаздан Мұхамбетқалиева Жадыра, Каменка ауылынан Көктеубай Маусымжан, Алтыбаева Гүлнұр үздік өнер көрсетті. Арнайы құрылған топ (Қарақыстақ ауылдық Мәдениет үйінің мамандары Саменқұлов Қайрат, Қораласбаева Жазира) белгіленген уақытта келіндердің сиыр сауғанын сондай-ақ, өлшенген өнім мөлшерін бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап, көрермендердің арасында қызу талқыға салып жатты. Жарыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі Қарақыстақ ауылдық Мәдениет үйінің фойесінде санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жарыс демеушісі отбасылық «Айдар» түйе шаруашылығының басшысы Қабылханов Айдардың анасы, шаруа қожалығының негізін қалаушы, зейнеткер Қабылханова Үміт апай мен келіні, шаруа қожалығының есепшісі Қабылханова Жазира арнайы дайындаған сыйлықтарды жеңімпаздарға табыс етті.
Үміт апай өз сөзінде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор алғысын білдіре отырып: «Үйдің берекесін кіргізетін келін» демекші, осындай қазақтың келіндеріне тән үлгі етерлік қасиеттерін көрсететін дәстүрлер жалғасын тапсын», ‑ деп ақ батасын берді. Сондай-ақ, өткен күндерді еске алып, шаруа қожалығының бастапқы кезде қаншама қиыншылықтарды басынан өткергенін айта келіп, жас келіндерге: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, – деп ұлы Абай айтқандай, еңбек етуден шаршамаңдар», – деп өз ақылын айтты. Жарыс қатысушылары да өз тараптарынан алғыстарын білдіріп, жеңімпаз атанған Қазақ ауылының келіні Томашева Адисса отбасы мен ағайын-туыс, дос-жараңның арасында бұл жарыстың қызу талқыланғанын тілге тиек етті. Жарыс өте қызықты өтті.
Зәйтуна Оразалиева,
Қарақыстақ ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі.