Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
130 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Жеңіс Күні қарсаңында қорғаныс істері жөніндегі аудандық комиссариат тыл ардагерлерінің үйіне барып, олардың хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін білді. Әскерилердің бұл қадамына қарттар да қуанып қалды. Жақсылық ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангер Асаубай Сүлейменов, Құландық 89 жастағы тыл ардагері Мария Иосифовна Тулиева мен жаңатұрмыстық Жомарт Жұматаевтың сонау қилы кезеңде көрген тауқыметтері қорғаныс істері қызметкерлерінің есінде көпке дейін сақталатын шығар. Бөлім бастығы, майор Болат Әуелбаев пен оның әріптестері қарттарға құрқол бармапты. Олар тыл ардагерлеріне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, сый-сияпат көрсетті. Суретте: комисариат қызметкерлері тыл ардагері Жомарт Жұматаевтың үйінде.
«Құлан таңы» ақпарат.