Сенбілік жұмыстарына қатысты
35 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
ҚАРАҚАТ АУЫЛЫНДАҒЫ №2 ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ АУЫЛЫМЫЗДЫҢ ЖОМАРТ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ИГІ ІС БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДА ДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ.
Иә, бүгінгі шаңырағымыз нық көтеріліп, босағамыз берік болуы өз ұлтының нағыз патриоты болған азаматтардың қолында. Өйткені ауылымыздың қадірлі, құрметті, іскер азаматтарының демеушілік жасауымен мектептегі оқу озаттары мен дарынды, өздерін жан-жақтылығымен көрсетіп, түрлі байқауларға қатысып, бақ сынап жүрген оқушыларды ынталандыру мақсатымен шәкіртақы беру жылда дәстүрге айналған еді. Жас ұрпақ арасында осындай істі жүзеге асыру білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушыларды алға ұмтылдырып, әр сыныпта бәсекелестік туындайды.
25 мамыр күні мектебімізде өткен «Сыңғырла, сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты мектеп бітіру кешіне киелі топырақтан тараған, жүрегі жомарт, пейілі кең түлектеріміз келіп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізіп, өздерінің ата-ағаларының атындағы шәкіртақыны 14 оқушыға тапсырды. Оқушылардың жүздерінде қуаныш ойнап, бойларын мақтаныш сезімі кернеді.
«Бала қуанса, әлем қуанады» демекші, оқу жылының аяғында балаларды өздерінің игі істерімен қуантып, жақсылық жасап жүрген жандарға мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Ауылымыздың қолы ашық, көңілі дархан, ұйымшыл «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жүрген» азаматтарымыздың істері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Мұндай тағылымы мол игі іс жылда өз жалғасын тауып, жүзеге асатынына кәміл сенімдіміз.
Жеңіс ӨТЕПБЕРГЕНОВА,
№2 шағын орталықты орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.