Жеңімпаз отбасылардың есімдері анықталды

261 Views

Республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы биыл 8-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл байқауды өткізудегі басты мақсат – отбасылық құндылықтарды арттыра отырып, елге, облысқа, ауданға сыйлы өнегелі де мерейлі жанұялардың тағылымды тәрбиесін дүйім жұртқа паш ету. Таяуда республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі аяқталып, облыстық байқауға жолдама алған жеңімпаз әулеттердің есімдері белгілі болды.
Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне 7 ауылдық округтен 8 отбасы қатысып, құжаттарын өткізген екен. Нәтижесінде жүлделі III орынға Джакияевтар мен Мангутовтар отбасы ие болды. Ал тиісінше жүлделі II және I орынды Дәулетқұловтар мен Исаевтар әулеті иеленіп, осы конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама еншілеп алды.
Өткен сенбіде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұлттық конкурстың аудандық кезеңінде жүлделі болған отбасы мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп, байқауға атсалысқан барлық отбасыларға жеке алғысын білдіріп, жеңімпаз әулеттердің облыста оза шауып, респубикалық кезеңде де топ жаруға ниеттес екенін жеткізді.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: