Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
12 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Луговой ауылдық округінде күннен күнге кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары өсіп келеді. Оған мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпшілікті дамытуға беріліп жатқан қайтарымсыз гранттардың көмегі көп болып тұр. Мәселен, өткен 2020 жылы Луговой ауылы бойынша осындай грант 24 адамға берілген. Кәсібін «ашамын» деген әр азамат 530 мың теңге көлемінде қаражат алған. Луговой ауылына кіре берісте қазір екі кәсіпкерлік нысан бой көтере бастады. Олар техникалық қызмет көрсететін орын мен бір сауда нүктесі. Мұндай құрылыс вокзал алаңында да салынуда.
Ауыл тұрғындары өздерінің аулаларында құс, қой-ешкі, сиыр ұстап, одан алынған өнімді өздері тұтынуда. Егер артылғаны болса оны дүкендерге өткізеді, көрші-қолаңға сатады. Өйткені базарда бәрі қымбат.
С. Шамин.