Ауырмаудың амалы – вакцина егу

519 Views

Аудандық орталық аурухана ұжымы корона­вирус індетіне қарсы екпе егу жұмыстарын өткізу үшін бас дәрігердің 2021 жылғы 1 наурыздағы №90-Ө бұйрығымен вакцинация жасау жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу іс-шаралар жоспары жасалынып, комиссия құрамы бекітілді. Вакцинация өткізу үшін аудан бойынша 6 екпе егу бригадалары жасақталды. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Д.Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қарақыстақ, Әскери қалашық, Өрнек,Тасшолақ, Қазақ және басқа да елді мекендерінде вакцина салу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда аудан бойынша вакцина жасауға мақсатты топ – 30223, ол ересек тұрғындардың 80,4 пайызын құрайды. Ақпан – маусым айлары арасында ауданға барлығы 6450 доза вакцина алынды, 1 маусымға оның 5622 (алынған вакцинаның – 87,2 пайызы) дозасы салынды және ол жоспарланған мақсатты топтың 18,6 пайызын құрайды. Жалпы вакцина салғандар арасында білім қызметкерлері – 1305, оның 945-і педагогтар, мемлекеттік қызметкерлер – 133, медицина қызметкерлері – 624, ішкі істер басқармасының қызметкерлері – 977, студенттер – 119, созылмалы аурулары бары – 88, әлеуметтік мекеме – 10, басқалары – 2344 адам. Вакцинадан кейінгі асқыну, қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Аудандық орталық аурухана.

Поделиться ссылкой: