Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
40 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Көгершін ауылының тұрғыны, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ауданымыздың бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосып жүрген қылқалам шебері Әлімжан Айымбековтің жеке сурет көрмесін ұйымдастырды. Мерекеге орай арнайы өткізілген көрмені балалар қызыға тамашалады. Олар суретшінің жанына келіп, фотоға да түсіп жатты. Әлімжан Айымбековті әңгімеге тартқанымызда:
– Дәл осындай көрмелер ауданымызда көптеп өтуі қажет. Өйткені, сурет салу жай ғана қағазды бояу емес, ол тұнық өнер. Балаларымызды мәдениетті, жан-жақты, бекзада болмысты етіп тәрбиелегіміз келсе, осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отыру керек, – дейді ол.
Көрме соңында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрдос Базарқұлов Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Әлімжан Айымбековке жеке алғысын білдіріп, алғыс хатпен бірге бағалы сыйлық табыс етті.
М.Жолдасбекұлы.