Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Қазақстанның барлық өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Бұл туралы 1 шілде күні коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. 24 шілдеден бері «қызыл аймаққа» бір ғана Түркістан облысы кірмей келген. Нәтижесінде, еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қала (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) «қызыл аймаққа» өтті.
Елімізде өткен тәулікте 7573 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 1489, Алматы қаласы – 1540, Шымкент қаласы – 650, Ақмола облысы – 268, Ақтөбе облысы – 238, Алматы облысы – 313, Атырау облысы – 408, Шығыс Қазақстан облысы – 193, Жамбыл облысы – 250, Батыс Қазақстан облысы – 85, Қарағанды облысы – 901, Қостанай облысы – 256, Қызылорда облысы – 206, Маңғыстау облысы – 224, Павлодар облысы – 280, Солтүстік Қазақстан облысы – 157, Түркістан облысы – 115. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 587952.
CORONAVIRUS2020.KZ.