2021-2025 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды

553 Views

Жамбыл облысы Ең­бек инспекциясы басқар­ма басшысының орын­ба­сары Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен ау­данымызға келіп, әлеу­меттік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын рет­теу жөніндегі аудан­дық үшжақты комис­сиясының атқар­ған жұмысымен таныс­ты. Сондай-ақ, жиын барысында басқарма басшы­сының орынбасары еңбек қатынастары жөнінде түсін­діріп өтті.
Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев осы салада атқарылып жат­қан бірқатар жұмыстардың маңызы мен мәніне тоқ­талды. Сонымен қатар жиын соңында «Жам­был облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бақтияр Қарауылов пен аудандық жұмыс берушілер бірлестігінің төрағасы Ертіс Тұғылшиев арасында «Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс берушілер бірлестігіне мүше ұйымдардың 2021-2025 жылдарға арналған ұжымдық шартына» қол қойылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: