Еріктілер екпе алуға шақырды

524 Views

Коронавирус індеті қазіргі таңда барлық әлем елдерін дүрбелеңге салып жатыр. Күн өткен сайын антирекордтар жаңарып, ауырғандардың саны жиілеп барады. Бұл тұрғыда отандық ғалымдар мен шетелдік мамандар індетке қарсы әрекет етіп жатыр. Елдің есін кетірген бұл індетке тек вакцина салу арқылы қарсы тұра алатынымыз жөнінде күнде айтылып жатқаны да мәлім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Мен барлық азаматтарымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңізді, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызды қорғау үшін қажет. Әрі-беріден соң, бұл біздің азаматтық парызымыз» деген еді.
Біз де осы мақсатта адамдар жиі жүретін орталық базар мен орталық көшеде аудан тұрғындарын екпе алуға шақырған едік. Оларға коронавирус, вакцина туралы парақшалар тарата отырып, бұл аурудың өте қауіпті екенін тағы да ескерттік. Өз кезегінде аудан тұрғындары да бұл мәселеге бей-жай қарамайтынын айтты.
Елдің есін кетіріп, адамзатты алаңдатқан бұл ауру алдындағының бәрін жалмап келеді. Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

Данияр КӘДІРБЕК,
аудандық Жастар ресурстық орталығының Ақбұлақ ауылдық округі
бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы.

Поделиться ссылкой: