Келелі жиын өтті
23 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Екпе салдырмай-ақ вакцинация паспортын сатып алу туралы ақпарат әлеуметтік желіні желдей есіп жүр. Коронавирус індеті шарықтап тұрған кезде белең алған бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, емхана қызметкерлері вакцинация құжатын 15 мың теңгеге сатып келген. Ал Алматыдағы №4 емханада вакцинация паспорты саудаланып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Дәл осы ақпараттан соң тергеу ісі басталды. Нәтижесінде, дәрігерлер келушілерге екпе салмаса да, төлқұжат жасап бергенін мойындады. Бірі жалған құжатты 15 адамға дайындап беріп, әрқайсысынан 15 мың теңгеден алған. Бұл туралы қоғамдық Денсаулық басқармасына да тұрғындардан шағым түсіпті. Бұл мәселеге қатысты Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық басқармасы құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова: «Бұл әрекетке барған медициналық қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу қорытындысына сәйкес, күдіктілер тиісті жазаға тартылады», – деді.
Ал брифингтегі мәжілісте ішкі істер вице-министрі Арыстанғани Заппаров: «Жыл басынан бері полиция органдары барлығы 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакцинация паспорттарын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасағаны үшін», – деген мәліметті айтып қалды. Ішкі істер вице-министрінің сөзіне қарайтын болсақ, вакцинация паспортын сату белең алып бара жатыр.
Вакцина салу немесе салмау – әркімнің өз еркінде. Алайда, вакцинация паспортын сатып алып, індетке немқұрайды қарау реанимацияға жолдама алумен бірдей. Сондықтан мемлекет тегін қорғануға мүмкіндік беріп отырған кезде, жалған құжатқа ақшаңызды жұмсайтын болсаңыз, өз қолыңызбен ауыруға билет сатып алып жатырмын деп есептей беріңіз.
А.ҚАМШЫБЕК.