Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Луговой ауылындағы теміржолшылар клубының артқы жағынан спорт кешенін салуға жер телімі бөлініп, «Шымкентмелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлері жаңа нысанның іргетасын қалауға кірісті. Жалпы келісім-шарт бойынша құрылысқа 353 миллион 667 мың теңге қаржы бөлінген. Биылғы жылға бар болғаны 35 миллион теңге бөлінгендіктен, мердігерлер ғимараттың іргетасы тұратын шұқырды, яғни котлованды қаза бастапты. Бетондаушылар жер қазу жұмысары аяқталған соң ғана бетон құя бастайды. Нысан келер жылға өтпелі болған соң, негізгі жұмыстар 2022 жылы жалғастырылып, спорт кешені толығымен аяқталады.
Жаңа нысанның техникалық қадағалаушысы – «ADI SAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ал, оны жобалаушы – «Тараз-Технопроек» серіктестігі. Құрылыс жеті ай мерзімде салынып бітуге тиіс. Сонымен, Луговой ауылының жастары алдағы жылы жаңа спорт сарайында әр түрлі жарыстар өткізіп, онда үйірмелер мен секциялар ашып, бос уақыттарын ұтымды пайдаланатын болады. Қазір ауыл әкімі мен ақсақалдар Кеңесінің мүшелері жаңа нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын өз қадағалауына алған.
Қ.Сейсен.
Суретте: спорт кешеніне арналған котлован.