Ел болашағының міндеттері айқындалды

466 Views

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан хал­қы­на «Халық бірлігі және жүйелі ре­формалар – ел өркендеуінің берік не­гізі» атты Жолдауында биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр­ғандығын, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз екендігін айта келіп: «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Ірге­мізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халық­аралық қауымдастықтың бел­ді мүшесіне айналдық. Тұрақты қо­ғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрі­нісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақ­саруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» деді.
Елдегі барлық бастама осыған ба­ғыт­­талып отырғанына өзіміз де куәміз. Сондықтан Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да менің көңілімнен шықты. Ең бірінші пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму мәселесіне тоқталды.
Мемлекет басшысы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді. Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды көмек бер­генін жұртшылық жақсы біледі. Елі­міздің ауыл шаруашылығының әлеуеті зор екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы – ұлттық экономикамыздың қозғаушы күші болуы тиіс» деді. Бірақ ауыл шаруашылығында қордаланған мәселелер аз еместігін айтты. Сонымен қатар бес жылда ауыл шаруашылығы саласына субсидиялауға екі триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін, өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істер­дің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болғанын атап көрсетті. Сондықтан субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осы Жолдауында денсаулық сақтау жүйе­сінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру,саяси жаңғыру және адам құқығын қор­ғау тағы басқа да әлеуметтік маңыз­ды мәселелер бойынша нақты тапсыр­малар берді. Ұстаздарды қолдау сая­саты жалғаса беретінін айта келіп, білімді ұрпақтың ел болашағы еке­нін еске салды.
Мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейе беретінін айтты. Салиқалы сөзі­мен халқымыздың қасиетті құн­ды­лықтарын жастарымыздың, жалпы тұрғындарымыздың бойына сіңіріп, олардың жауапкершілігін оята білетін дана ақсақал-қарияларымыз ауданымызда, әр ауылда баршылық. Ендеше ұлтымыздың сапасын арт­тыруға ел болып атсалысайық. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбек етейік, ардақты ағайын.

Серік Өтегенов,
Т.Рысқұлов аудандық
Қоғамдық келісім
кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: