Көңілге сенім ұялатты
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жасады. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылды.
Жалпы Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне себеп бола алды. Ерекше тоқталып өтетін бір тақырып, ол – «Білімді жастар жарқын болашақ кепілі». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. «Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді» деп жалынды жастарға тағы үлкен серпін берді. Сондай-ақ, ел Президенті жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің Отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты деп халыққа жылылық пен сенім сыйлады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет. Екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі.
Аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделінің әзірленуі, жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керектігі де сөз болды. Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.
Ербол ӘбутӘлІпов,
аудандық мәслихат хатшысы.