Тұрғындар тілегін тыңдады

370 Views

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Өткен аптада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарын жеке сауалдарымен қабылдады.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің ауқымы өте кең болды.
Оның ішінде тұрғындар Шолаққайыңды ауылына газ кіргізу, жеке тұрғын үйдің шатырын жөндеп беру, денсаулық және оны сақтандыру мәселесі, жер телімін бір түрден екінші түрге ауыстыру, асыл тұқымды малдарына субсидия алу, үйіне газ кіргізуге көмек беру, кәсібін ұлғайтуға жер телімі қажеттігі және тұрғын үйге қол жеткізу мәселесі бойынша қайырылды.
Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы азаматтар тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығын тыңдап, олар заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

 

Поделиться ссылкой: