Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Елімізде 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 жылда бір рет өткізілетін халық санағы басталды. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданында да санақ бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, елді мекендерге баннерлер ілінді. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері ауылдарда халық санағы туралы үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Халық санағы онлайн және оффлайн түрде өткізіледі. 1 қыркүйектен бастап онлайн түрде өту үшін компьютерде (ноутбукте және планшетте) немесе ұялы телефонда (смартфон) sanaq.gov.kz сайтын теріп, сонымен қатар, «Aitu Messenger» отандық мобильді қосымшасы және egov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы онлайн режимде санақ парақтарын үйден шықпай тапсыруға мүмкіндік бар. Тіркелуді ұялы телефон нөмірі немесе электронды пошта арқылы жүргізуге болады. Санақтан тұрақты тұрғындар, еліміздің азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар да өтеді. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты шетелде жүрген біздің азаматтар, «Болашақ» бағдарламасы және студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, шетелге демалысқа, емделуге немесе қонаққа кеткен туристер де санақтан өтеді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар, 12 айдан аз, уақытша елде жүрген шетелдіктер де санаққа алынады. Алғашқы статистикалық деректердің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету ҚР заңнамасымен реттелетін процестер шеңберінде заманауи техникалық құралдарды пайдалану арқылы және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органымен ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Санақтан онлайн түрде өту 2021 жылдың 15 қазанында аяқталады.
2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін электрондық планшеттерді пайдаланумен интервьюерлер дәстүрлі жаппай сауал салуды жүргізеді. Бұл кезеңде аудандық статистика басқармасынан халық санағының эмблемасы бар, көк түсті мойын орағыш (шарф), портфель және аты-жөні жазылған бейджикпен интервьюерлер аралайды. Ал, онлайн түрде өтіп қойған азаматтар санақтан онлайн өткені туралы хабарламаны көрсетеді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ұлттық халық санағына үлес қосуларыңызды сұранамыз. Сонымен қатар, ұлттық санақтың екінші кезеңін жүргізуге аудан тұрғындарын қосымша жұмысқа шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мен аудандық статистика басқармасына жолығуларыңызды сұраймыз.
Байланысу нөмірлері: 8(72631)2-18-55, 87057979773, 87766509422.
Ж.Бұланбаева,
аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.