Халық санағы – маңызды науқан

595 Views

Халық санағы – соңғы 10 жылда болатын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында өткізілетін ерекше жалпы мемлекеттік іс-шара болып табылады. Осыған сәйкес аты аталған іс-шара Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіліп жатыр.
Халық санағы ұлттық және өңірлік деңгейлерде, сондай-ақ әр бір елдімекен деңгейінде үй шаруашылығын сипаттайтын, тұрғын үй белгілері бойынша көрсеткіштерді жинау, өңдеу, талдау процестерін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, халық санағын өткізу мерзімі 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында белгі­ленді. Соның ішінде интернет-сауалнама арқылы енгізу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айының 1-нен басталып, қазан айының 15-не дейін жал­ға­са­ды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен, статис­тика департаментінің халық санағын дайындау және өткізу жөнін­дегі нұсқаушыларымен, мемлекеттік мекемелер мен аудан тұрғын­дарына халық санағының интернет-сауалнама арқылы енгізуді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның ішінде аудан­дағы зейнеткерлермен жұмыс жүргізу процестері ерекше айқын орын алуда.
Халық санағы – маңызды науқан. Өйткені, бұл біздің бола­ша­ғы­мыз­ды, келешегімізді зерделеу үшін туындап отыр. Сондықтан, бұл науқан­ға Қазақстан Республикасы азаматы және де аудан тұрғыны ре­тін­де бәріміз бір кісідей атсалысуымыз керек екендігін айтып өт­кім келеді.

Б.Әлпейісов,
зейнеткер.

Поделиться ссылкой: