«Қалдырған ізің мәңгілік»

507 Views

Дәл осындай тақырыппен өткен сейсенбіде Құлан агро­техникалық жоғары кол­лед­жінің үлкен мәжіліс залында ұла­ғатты ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара ұйым­дастырылды. Іс-шара шымылдығы «Керемет» хор ұжымының орындауындағы «Мектеп вальсі» әнімен ашылды. Хор жетекшісі Зарипа Дабысова екенін айта кетейік. «Туған ел» әнін де хор ұжымы нәшіне келтіре орындады. Шараға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан басшысы мұғалім деген мәртебелі мамандық жайында орамды ой қозғап, шәкірт тәрбиелеу жолында бар күш-жігерін сарқып еңбек етіп келе жатқан ұстаздарды марапаттады. Аудандық мәслихат хатшысы Ербол Абақұлы да оябы бөлек сөздер айтып, жүрекжарды лебізін білдірді. Іс-шарада марапатталған мұғалімдер тізімі төмендегідей. Жамбыл атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұман Атымтаев, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяужан Бейсенбаева, № 2 шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлбүбі Күсепова, Ақыртөбе орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлмира Адильбекова, Максим Горький атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрмұрат Минбаев облыс әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, ал, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Қайнаркүл Нұғманова, Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садуа Бейсалиева, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектептің география пәнінің мұғалімі Динара Бурибаева, «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гаухар Байтүгелова, № 1 мектеп-лицейінің даярлық сынып мұғалімі Гүлмира Набиева облыс әкімдігі білім басқармасының алғыс хатымен наградталды.
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Шолпан Дайрабаева, Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Мырзалиева, Ғани Мұратбаев атындағы бастауыш мектептің меңгерушісі Гүлназ Тоқабаева, Жамбыл атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Светкүл Тульбаева, Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Андабекқызы, «Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Венера Елеуова, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі Владимир Серго, Максим Горький атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аида Кариева, Айтқұл Шынасілов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Мақпал Кульметова, Ақыртөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дариякүл Байдосова облыстық кәсіподақтар кеңесінің Құрмет грамотасына ие болса, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Перизат Оразалиева, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің кітапханашысы Гүлбайра Танысхожаева, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ағзира Маханова, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қанат Наметқұлов, Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің психологы Айман Аманқұлова, № 1 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Сәуле Күзенбаева аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, № 1 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Нағима Кенжеғұлова, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ринат Қали, № 5 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Оразбекқызы және Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы Айнұр Мамирееваға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы табыс етілді.
Жұмыс нәтижесі бойынша республикалық, облыстық деңгейде бас жүлде және жүлделі I орын алған педагогтерге 100 мың теңгелік ақшалай сертификат берілді. Оған Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елена Ахметова, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Бердімбетова, Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Андабекқызы, Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фараби Арыстанбеков, № 1 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Әкежан Дәкенов, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айгүл Еркімбекова, № 1 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Айгүл Базарбаева, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Ақымжанова, Максим Горький атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлжан Умирбаева, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Гүлжайна Писбекбаева, Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жаңыл Сүлейменова, балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Баймұсаева, Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Жансерік Әкимбеков, Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Мұхамеджан Нысанбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Арман Бейсенов ие болды. Ал «Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Алтынай Сазанбаева, Тасшолақ бастауыш мектебінің меңгерушісі Толқын Мейрманова, Малдыбай орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұржан Тойбеков аудандық мәслихаттың алғыс хатымен наградталды.
Шара барысында Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқытушыларынан құралған дуэт «Қазақ вальсі» әнін, осы мектептің «Домбырашылар ансамблі» күй сайыс, балалар мен жасөспірімдер орталығының «Шабыт» дуэті «Ұстазыма» әнін орындап, ал «Шашу» бишілер тобы «Қазақ биі» мен «Түрік биін» мың бұрала билеп, ұстаздар қошеметіне кенелді. Шара соңы Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілерінен құралған «Жаңа жұлдыз» квартетінің орындауындағы «Ұстазым менің ұстазым» әнімен қорытындыланды.

М.Диханбай.

Поделиться ссылкой: