Баршаның назарына!
24 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенттерінен жасақталған волонтер жастар қоғамға өз пайдаларын тигізіп, игі істердің бастамашысы болып жүр. Осындай қайырымдылық шараларының ұйтқысы болған еріктілер тобы колледждің ардагер ұстазы Нұрбек Кабаевтың
үйіне арнайы барып, үй ауласындағы талдарды бұтап, қоқыстан тазалап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Волонтер жастардың тындырымды істеріне риза болған ардагер ұстаз колледж басшылығы мен студенттерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
«Құлан таңы» ақпарат.