ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

464 Views

Ауыл – ел бесігі

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, елді мекендерді тұрақты дамыту мақса­тында Елбасының қолдауымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы қолға алынған болатын. Дәл қазіргі таңда аталмыш жобаның шеңберінде ауыл­дық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында біршама жобалар іске асырылуда.
Мәселен, биыл Луговой ауылының бір өзінде елді мекенге қарасты 46 көшенің 13-і күрделі жөндеуден өт­кізілуде. 13,8 шақырымды құрайтын жол­дың жөндеу жұмыстарына бағ­дарлама аясында 224 800,0 мың теңге бөлінген болатын. Бүгінде жол жөндеу жұмыс­тарының жартысынан астамы өз мәре­сіне жеткен. Егер жұмыстар толығымен аяқта­латын болса, ішкі көшелердің жағ­дайы біршама жақсарып қалатыны сөз­сіз.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: