Абай ауылы 30 үздік ауыл қатарында

591 Views

Жағымды жаңалық

Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген баянды бастамалар қолға алынып, тиісті жұмыстар әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Солардың бірін жуырда еліміздегі жетекші саяси ұйымының бірегейі «Nur Otan» партиясы мен республикалық «Рухани жаңғыру» орталығы және «Тұлға-Достық» қоғамдық қоры бірлесіп, іске асырды. Дәлірек айтар болсақ, олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс әкімдіктерімен бірге еліміздің ең үздік 30 ауылының тізімін жасады.
Қуантатыны сол, аталмыш тізімнің қатарына ауданға қарасты Абай ауылы (ауыл округ әкімі М.Арыстанбеков) да енген. Сондай-ақ, тізімде Жамбыл облысынан тағы да бір ауыл төбе көрсетіп отыр. Ол – жуырда ғана Елбасы қонақта болған Қордай ауда­нына қарасты Әлжан ана ауылы. Айта кетейік, байқау барысында ұйым­дастырушылар ауылдың бүгінгі кел­бетін ғана емес, әлеуметтік жағдайын, инфрақұрылымын, қылмыс пен арыз-шағымның болмауын, ауыл халқының береке-бірлігін қосымша саралаған.
Қазан айының 16 жұлдызында бұл марапат Абай ауылына ресми түрде табыс етілді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты жиында Абай ауылына берілген «Үздік ауыл» белгісін, альбом кітап пен алғыс хатты Қазақстан Республикасының сенат депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп пен Мәжіліс депутаты Мақпал Мыса, ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров табыс етті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған додада ең үздік 30 ауылдың қатарына енген Абай елді мекенінің тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: