ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
13 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Жақында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шахматтан жарыс өткен еді. Бұл жарыстың статусы да тым жоғары. Жамбыл облысының кубогы. Осы кубоктық ойында Ақбұлақ орта мектебінде оқушыларға шахматтан дәріс беретін Ниязбек Каиповтың қос шәкірті Айя Орынтайқызы мен Мерей Серікбай жүлделі болды. Бұл жарыста Айя Орынтайқызы 10 жасқа дейінгі қыздар бәскесінде, ал Мерей Серікбай 14 жасқа дейінгі қыздар категориясында бақ сынады. Нәтижесінде Мерей Серікбай жүлделі үштіктің қатарына енсе, Айя Орынтайқызы жүлделі II орынды жеңіп алды.
Ниязбек Каипов – өте ізденімпаз мұғалім. Оған сенім артуға болады. Қазақ айтушы еді ғой, «тындырымдыны жіберсең тындырып келеді, тынымсызды жіберсең бүлдіріп келеді» деп. Ниязбек құр ашуға бой алдырмайтын азамат. Бәрін ақылға салады. Шахмат та ақылдылардың ойыны мес пе? Сондықтан да ол өзіне сенеді. Және шәкірттерінің де бойына сол сенімділікті ұялата біледі.
М.Жолдасбекұлы.