Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
деген тақырыпта облыстық конференция өтті
Дін – өте нәзік сала. Сондықтан болар, соңғы кездері аты аталған салаға кеңінен көңіл бөлініп келеді. Соның айқын дәлелі ретінде аудандық мәдениет үйінде өткен конференцияны ерекше атап өтуге болады. «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында өткен конференцияны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен аудандық прокуратура ұйымдастырды. Айта кетейік, аталмыш іс-шараға аудандық дін саласында жұмыс жасайтын мамандар, теологтар, имамдар, аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, ауылдардағы дінге жауапты мамандар, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары, «Дінтану негіздері» атты пәннің мұғалімдері қатысты. Жалпы конференцияның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту болып табылады. Аталмыш жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев ашып, қатысушыларға конференция жұмысының мақсат-міндеттері таныстырылды.Конференцияда Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Арман Әділұлы Сәрсенбаев және белгілі дінтанушы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ғазиз Нұртайұлы Ахметов баяндама жасады. Сондай-ақ, жиында қазақ халқының дүниетанымындағы дін мен дәстүр сабақтастығы туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Оразбайұлы Баярисов баяндама жасап, дін мен дәстүрдің ара-жігін ашып түсіндірді. Ал «һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы-теолог Ержан Аманбаев ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданында дін саласында жүргізілген түсіндіру жұмыстарына тоқталып өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, конференция соңында жарыс сөз ұйымдастырылып, онда аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Рысқұлбек Секербаев және аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Асанбайұлы Өтегенов өз ойларын білдіріп, олар жастардың діни сауаттылығын арттыру жолында бірігіп іс-әрекет етуге шақырды.
Жәнібек СҰЛТАН.