247 мың адам емхана таңдау құқығын пайдаланды

544 Views

15 қыркүйектен бастап 247 мың адам емхана таңдау құқығын пайдаланды. Қазақстанда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды.
Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын еліміз бойынша 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді. Оның ішінде 1227 адам Жамбыл облысы тұрғындары.
«Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек ала алады. Аталған уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі», – деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова.
Бекіту науқанына барлығы 624 МСАК нысандары қатысты, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 27 медициналық ұйым. Қазақстанда жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек жеткізушілердің саны өсуде, бұл халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, бекітілу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ, егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе жағдайларда да жүргізіледі.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз оларды жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, 24/7 Goldau мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша
филиалы.

Поделиться ссылкой: