Тәуелсіздік құрдастары бас қосты

666 Views

Азаттықтың алғашқы таңында өмірге келген сәбидің өзі бүгінде орда бұзар жасқа жетті. Елбасының кешегі болашаққа үндеу ретінде жолданған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында да жас толқынға зор үміт артылған. Осыған сәйкес өткен аптаның жұмасында Т.Рысқұлов ауданында «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты аудандық жастар форумы өтті. Форумды аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ашып беріп, өзінің жылы лебізін білдірді.Тәуелсіздік жылдарында жас буынға ерекше көңіл бөлініп, патриоттарды тәрбиелеуге басымдық берілгені белгілі. Бүгінде ел үмітін ақтаған жас мамандар түрлі салада табысты еңбек етіп, ел дамуына айрықша үлес қосуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған шарада түрлі салада табысты еңбек етіп, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген жастар марапатталды. Олардың арасында медицина мен білім, журналистика мен полиция және спорт саласының қызметкерлері бар.Сонымен бірге, форумда Тәуелсіздіктің құрдастары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, облысымыздың жас депутаты Болатбек Уәлихан Болатбекұлы, жас педагог, Құлан мектеп — гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фараби Бахытұлы Арыстанбеков, «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының консультанты Арай Маратқызы Әнтаева және аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі Марат Жолдасбекұлы Диханбай сөз алып, өз жетістіктерінің тарихы туралы айтып, болашаққа арналған идеяларымен бөлісіп, аудан тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Қай заман, қай елде болмасын заңғар талап пен асқақ арманды, ар мен намысты бәрінен жоғары қоя білетін халықтың негізгі бөлігі – жастардың үлесінде екендігі баршаға мәлім. Форум – жастармен оң үдерістегі маңыздылықты ұйымдастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында әрбір жастың қызметінің маңызы зор екендігін айқындай түсті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: