Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Нұр-Сұлтан қаласында “Тәуелсіздік ұрпақтары” республикалық жастар форумы аясында “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді. Жеңімпаздарды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады. «Дарын – 2021» мемлекеттік жастар сыйлығын «Спорт» номинациясы бойынша Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы, дзюдошы Елдос Бақтыбайұлы Сметов иеленді. Сыйлық иегерлеріне «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды.
Жерлесімізді айтулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
“Құлан таңы” ақпарат.