Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өткен аптаның жұмасында Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде «Nur Otan» партиясының Т.Рысқұлов аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді. Оған аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, бас партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков, бірқатар бөлім басшылары мен аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов бастаған депутаттар қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралып, осыған сәйкес партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарованың есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, жиында фракция мүшелері өздерінің Сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген бағыттардың орындалу барысы мен депутаттық міндеттерін атқару кезінде жүргізген жұмыстарын баяндап берді. Есеп бергендердің қатарында М.Мейманханов пен А.Баймұратова болды.
Фракциясының кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Саяси кеңестің кеңейтілген отырысындағы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатынан туындайтын міндеттер туралы аудан әкімі Ерболат Садырқұлов баяндама жасады.
Жиын барысында күн тәртібінде қойылған мәселелер толығымен қаралып, айтылған ұсыныс-пікірлер хаттамаға енгізілді.
Жәнібек Базылбек.