Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың
Ү Н Д Е УІ
Құрметті жерлестер!
Баршаңызға белгілі елімізде төтенше жағдай жарияланды. Жамбыл облысында кешеден бері коменданттық сағат енгізілді. Демек бұдан былай КЕШКІ САҒАТ 19.00-ДЕН ТАҢҒЫ 7.00-ГЕ ДЕЙІН ҮЙДЕН ШЫҒУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Осы уақыт аралығында көшеде бей-берекет жүргендер болса, бірден ескертпей-ақ ұстап әкетіледі. Біз екі күн бойы бүлікшілерге қарсы күш қолданбадық. Олар ортақ мүлкіміз – облыстық әкімдікті, «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратын, Полиция департаментін өртеп жіберді. Кешеден бері бұзақыларға қарсы қатаң шаралар қолдануға көштік. Ендігі жерде қоғамдық тәртіпті бұзғандарға заңға сәйкес тиісті нақты шаралар қолданылады. Қазір облыс орталығында терроризмнің «ҚЫЗЫЛ ДЕҢГЕЙІ» енгізілді. Арнайы әскери операциялар жүргізілуде.Сондықтан әркім өз жақындары мен балаларына ие болу керек. Коменданттық сағат талаптарын сақтап, үйде болуларыңызды сұраймыз!
Жерлестер, барлығымыз бірігіп, еліміздің,
мемлекет болашағын, қауіпсіздігін, тыныштығын ойлайық.
Ол үшін барлығымыз үлес қосайық. Әрбір отбасы өзінің бала-шағасының келешегі үшін тәртіпті, заңдылықты сақтаулары керек!