Кресло – 5
«Айтуға оңай», кейіннен «Карекет» бағдарламасын жүргізген сақа журналист Бейсен Құранбекті білмейтін қазақ кемде-кем. Бейсағаңның өзі өлгенмен, сөзі өлген жоқ.
Тірі кезінде сол Бейсен Құранбек «Жетісу» телеарнасында директор болды. Директордың барлығы креслоға отыратыны белгілі ғой. Ал Бейсағаң керісінше, жай қарапайым столға отырғанды жөн көреді екен. Креслосын шетке ысырып қойып, ылғи столға отыратын көрінеді. Қандай көрегендік иә?! Қазіргілер керісінше, столдан гөрі креслоны құп көреді. Мемлекеттік қызметтегі жас мамандарға, жазу мәнерден гөрі қызметті алдыңғы орынға қоятын кейбір «журналистсымақтарға» осы қасиет үлгі болса дейсің. Бірақ қазір кім-кімді тыңдап жатыр. Ештеңеге таң қалуға болмайды қазір. «Қулардың жолын оңдаған, арамның ісін қолдаған» заманда ғұмыр кешіп жатқан жоқпыз ба?..
Марат Диханбай.