Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Бүгінде Ата заң мемлекетіміздің бағыт-бағдарына айналғандай. Биыл еліміздің жарқын болашағының кепіліне айналған құнды құжаттың қабылданғанына – 27 жыл.
Апта басында аталмыш мерекені тойлау мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Егеменді елім – айбыным, Ата Заңым — тірегім» атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ізінен ауданның дамуына өз үлестерін қосып, ерінбей еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Салтанатты жиын Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік кешке ұласты.
«Құлан таңы» ақпарат.