24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
«ЭЛАЙ-ҚҰЛАНДАҒЫ» ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА
492 Views
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мерекеде аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, ардагерлерге көп қамқорлық көрсетілуі тиіс. Осы орайда Құлан ауылындағы аудандық «Элай-Құлан» мүгедектер қоғамдық бірлестігінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған күндізгі бөлімдегі жартылай стационарлық оңалту орталығына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев пен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов арнайы барып құттықтап, қарияларға аудан әкімдігі тарапынан сыйлықтар табыс етті.
Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, мереке маңыздылығы арта түсті. Зор құрметке ие болған қарттар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
«Құлан таңы» ақпарат.

