Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
121 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
ҚР Президенттіке үміткер Мейрам Қажыкен Теміртаудың Достық үйінде жекеменшік кәсіпорындардың қызметкерлерімен және салалық кәсіподақтардың мүшелерімен кездесті. Бұл туралы кандидаттың штабы ресми түрде хабарлады.
Кездесу барысында Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кәсіпорындарда болып жатқан жайттар жайлы сөз қозғады.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркеді.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.