29 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Емханаға тіркелудің жолы қандай?
581 Views
Алдыменен, «EgovMobile» қосымшасында және Egov.kz порталының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Емделуші емханаға немесе Egov порталына өтінім берген уақыттан бастап 1 жұмыс күнінде өтініш іске асырылады. Егер, қызмет көрсету мерзімі белгіленген уақытынан асып кеткен жағдайда, қызмет алушы сұрау берілген медициналық ұйымға жүгінуге құқылы. Емхананы өз еркімен таңдау жылына бір рет жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қоныс аударған жағдайда емхананы өзгертуге болады. Одан бөлек баланы емханаға онлайн тіркеу үшін «EgovMobile» қосымшасында және Egov.kz порталы арқылы өтінімді толтыру кезінде, қызметті балаға деп көрсету қажет.
Аудандық Халыққа қызмет
көрсету бөлімі.

