Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
47 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Жақында дәл осындай тақырыпта аудандық сотта дөңгелек үстел форматында жиын өтті. Жиынға аудандық соттың судьясы Л.Байтленова, аудан прокуратурасының прокуроры А.Сұлтанов, аудандық Заң кеңесінің адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева қатысты.
Шараның өткізілу мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытын түсіндіру. Судья Л.Байтленова «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама іс атқарылып, бағдарламалар жасалынып, арнайы заң қабылданғаны туралы айтып өтті.
Жиын барысында сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу, істерді қарау және құжаттарды рәсімдеу кезінде туындайтын мәселелер, сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөніндегі мемлекет ұстанған саяси бағыт төңірегінде сөз қозғалды.
«Құлан таңы» ақпарат.