Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Сотқа талап қоюшы «Akshabar» микро қаржы ұйымы» ЖШС-і жауапкер Г-ға 19 874 теңге қарызды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.
Істі сотта қарауға дайындау барысында судья медиатордың және бидің көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа дейінгі хаттамаларын ұсынып, келісім бекітуді сұраған.
Медиациялық келісімнің шарттары бойынша жауапкер Г. талап қоюшыға 19 874 теңге қарыз сомасын 2023 жылдың шілде айынан бастап 2023 жылдың қазан айына дейін ай сайын 4863 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді.
Сот азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы жасалған медиациялық келісімді бекітті, талап қоюшыға 422 теңге мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.
«Құлан таңы» ақпарат.