ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
172 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл толды. Осыған орай, кеше Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов пен аудан әкімдігінің бөлім басшылары, сондай-ақ, әртүрлі мекеме басшылары мен ауғандық ардагерлер де гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Айта кетейік, Ауған соғысы 10 жылға созылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық жауынгерлер қатысса, соның ішінде 761-і ұрыс даласында қаза тапқан. 3 мыңдай азамат мүгедек болып, елге оралды. Осындай статистикалық деректердің барлығы салтанатты митинг барысында айтылды. Салтанатты митингте сөз сөйлеген аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерғазы Жұмабекұлы ауғандық ардагерлердің ерен ерлігі әрқашан жүрек түкпірінен өшпейтінін айтып, елімізде тек қана бейбітшілік пен тұрақтылық болуына тілекші екенін жеткізді. Содан соң сөз сөйлеген аудандық мәслихаттың төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Жандос Салиев және Тұрар Рысқұлов аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Бейсенбай Көкішев те елімізде тек қана бейбітшілік болып, жас өскелең ұрпақтың берекелі де мерекелі күндерде ғұмыр кешуіне ниеттес екендіктерін білдірді.
Бұдан кейін іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде жалғасын тауып, Ауған соғысының ардагерлері ерлік, ұлттық рух төңірегінде әңгіме қозғады. Олар айтқан әсерлі әңгімелерді жастар ұйып тыңдады. Аудандық мәдениет үйінің әншілері әндер орындады. Бірқатар Ауған соғысының ардагерлері наградаларға ие болды. Осылайша, 35 жылдық дата ауданымызда кең көлемде аталып өтті.
Марат Диханбай.