Семинар-тренингтің мақсаты – сайлау ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру

284 Views

Өткен бейсенбіде аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы, төраға орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тлепов Манарбек Әміреұлы, сондай-ақ, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудан прокуратурасының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың сайлау процесіне жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – сайлау заңна­масының негіздерін меңгеру және оны тәжірибеде қолдану арқылы сайлау ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Оқу барысында қатысушыларға еліміздегі сайлау құқығы мен процесінің негіздері, сайлау науқанындағы жұмыс дағдылары, нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, сондай-ақ, сайлау процесіне қатысушылармен тиімді коммуникация орнату әдістері туралы дәрістер оқылды. Әр баяндама бойынша кейстік сұрақтар егжей-тегжейлі талқыланды.Сонымен қатар еліміздегі сайлау жүйесінің ерекшеліктері, оның ашықтығы мен әділдігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Семинар соңында учаскелік сайлау комис­сияларының мүшелерінен тест алынып, серти­фикаттар табысталды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: