Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
9 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Өткен аптада Көгершін ауылында Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне орай «Ұлттық домбыраның құдіреті – Астана күні төрінде» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараны Көгершін ауылдық аналар кеңесі ұйымдастырды.
Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Асанханұлы, билер кеңесінің төрағасы Нысанбай Шотайұлы, сондай-ақ, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова мен кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Мәдени бағдарлама барысында ауыл өнерпаздары ән шырқап, күй тартып, би билеп, ұлттық өнерді кеңінен дәріптеді.
Сондай-ақ, шара соңында ауылдың қоғамдық өміріне белсенділік танытып жүрген бірқатар аналар ауыл әкімінің атынан марапатталды.
Ақжарқын МҰРАТБЕК.