Енбек майданында шыныққан Мая

103 Views

Күннің аптап ыстығына да, қақаған аязына да шыдап, өзіне жүктелген міндетті адал атқарып жүрген пошта қызметкерлерінің еңбегі қашан да құрметке лайық. Хат-хабар мен түрлі сәлемдемелерді уақтылы жеткізу – олардың күнделікті міндеті ғана емес, тұрғындарға көрсеткен үлкен қызметі. Бұл салада табандылық пен төзімділік қажет екені айдан анық.

Осындай еңбек майданында абыройлы қызмет етіп жүрген жандардың бірі – Раиса Мусабаева. Ол бүгінде Т.Рысқұлов аудандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінде хат тасушы болып еңбек етеді.

Раиса ханым өзінің еңбек жолын 1990 жылы Құлан ауылындағы тоқыма фабрикасында 4-разрядты тоқымашы болып бастаған. Ал 2008 жылдан бастап аудандық «Қазпошта» бөлімшесіне жұмысқа орналасып, бүгінгі күнге дейін осы салада табанды еңбек етіп келеді.

Қызмет барысында ол өз ісіне бар жан-тәнімен беріліп, жауапкершілікті әрқашан бірінші орынға қояды. Бүгінде 17 жылдан астам уақыт бойы тұрғындарға адал қызмет етіп келе жатқан ол ұжымдастарына да, ауыл тұрғындарына да сыйлы.

 Ақжарқын Тоқсанбай.

Поделиться ссылкой: