Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау туралы іс бойынша үкім шығарылды

54 Views

Тұрар Рысқұлов ауданының сотында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу және сақтау (ҚК 296-бабының 4-бөлігі) фактісі бойынша 30 жастағы азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны

2025 жылдың тамызында сотталушы А. өзімен бірге сөмке, қоқыс сөмкелері мен қолғап алып, Қорағаты ауылының шетіндегі Т.Рысқұлов ауданының құмды аймағына барған. Жабайы қарасораны тапқаннан кейін сотталушы оны жеке тұтыну үшін заңсыз жинай бастаған. Автожолға шыққаннан кейін А. полиция қызметкерлеріне ұсталды. Жеке тінту кезінде жалпы салмағы 12 келіден асатын кептірілмеген марихуана табылды және тәркіленді.

Сотталушының кінәсі тінту хаттамасымен, заттай дәлелдемелермен, фото-кестелермен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Тараптардың позициясы

Прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындады.

 Сот шешімі

ҚК 296-бабының 4-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот бұл әрекетке шын жүректен өкінуді және тұрғылықты жері бойынша жағымды сипаттамаларды жеңілдететін мән-жайлар ретінде мойындады. Ауырлататын мән-жайлар – анықталмаған.

Сот үкімімен сотталушы А-ны ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 «Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой: