Ақыртөбеліктер аудан басшысының іскерлігіне дән риза

70 Views

Ақыртөбеліктер аудан басшысының іскерлігіне дән риза

Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе ауыл­дық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан аумағында атқары­лып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Жалпы аталған ауылдық округте биыл жоба құны 653,1 млн. теңге бекітілген. Оның ішінде Малдыбай ауылында салынып жатқан 120 орындық  жаңа  мектеп, электр желілерін тарту және балалар ойын алаңын салу, сондай-ақ, облыстық «Үлгілі ауыл» конкурсы ая­сын­да да абаттандыру жұмыстары іске асырылуда.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудан басшысына инфрақұрылымды дамыту, мектеп оқушыларын жергілікті жерге шығу арқылы медициналық тексерістен өткізу, иесіз иттер және жеңілдетілген несие туралы өтініш-тілектер көтерді.

Дәстүрлі жеке қабылдау барысында да кәсіпкерлікті қолдау, электр желілері мен өрт сөндіру бекетін жаңарту сынды мәселелер көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға қолданыстағы заң шеңберінде түсініктемелер беріліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

 Аудан әкімінің  баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий