Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ
26 ViewsЕл Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ, елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып…
Көре білгенге атқарылған тірлік ауқымды
Жақында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліповтың төрағалығымен өткен жиында екі мәселе қаралып, алғашқысы бойынша аудан әкімі Ернар Есіркепов баяндама жасады.
Аудан әкімі өз баяндамасында түрлі бағытта атқарылған жұмыстарды тізбектеп, өңір экономикасының артуына әсер еткен жобаларды атап өтті. Жалпы ауданда 2024 жылы әр бюджеттік бағдарламалар тетігінен 5,8 миллиард теңгеге 45 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде бүгінгі күнге 37 жоба жүзеге асырылып пайдалануға берілді. 8 жоба ағымдағы жылға өтпелі болып отыр. Жеке секторға тартылған инвестиция көлемі 3,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, олар- да 105 адам жұмыспен қамтылса, 1,4 млрд. теңгеге 73 ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Сондай-ақ, аудан басшысы құрылыс, инвестиция, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.
Шалғай ауылдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Қорағаты және Ақыртөбе аумақтарында екі бірдей техника бөлініп, өрт сөндіру бөлімшелері ашылған болатын. Дегенмен оны оңтайлы ету үшін арнайы ғимарат ауадай қажет-ақ. Бұл мәселені аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов көтерді. Сондай-ақ, Ербол Абақұлы Жаңатұрмыстағы мәдениет үйінің құрылысын қайта жандандыруды ықпал етуді сұранды. Аудан әкімі өз кезегінде мәселені жан-жақты түсіндіріп, аудандық мәслихат депутаттарын аталмыш мәселені шешуде бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жарыссөзге шыққан депутат Мұратжан Мейманханов «Ауданды абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына мықтап көңіл бөлінсе?» – дейді. Әсіресе «Ауданға кіре-беріс тұста аллея мен скверлер салынып, ел аузындағы Абай бұрылысы ерекше кейіпке енсе…» деген ұсынысын алға тартты. Сондай-ақ, «жастар ресурстық орталығына бөлек ғимарат берілу мәселесі оңтайлы шешілсе?» деген өтінішін де жеткізді. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудан аумағында «Құлан – мәдениет мекені» атты концепция қолға алынғанын айтып, осы тұжырымдама аясында аталмыш жұмыстар жүзеге асатынын айтты. Сондай-ақ, халық қалаулыларына тал егу, санитарлық тазалықты сақтау үстінде ақпараттық үгіт-насихат жүргізуге қол ұшын созуды өтінді. Ал жастарға арналған ғимарат мемлекет қаржысынан шашау шығарылмай оңтайлы шешілгенін айтып, жуық арада аталмыш мекеме жаңа ғимаратқа көшетінін жеткізді.Жиында аудандық полиция бөлімі де баяндама жасады. Атап айту керек, бұл салада мәселе жетерлік. Аудандық мәслихат депутаты Ертіс Тұғылшиев саланы зерделеу барысында елді мекен сыртын ластап жатқан жандарға қолданылған шаралардың аздығын айтып, аудан аумағында бейне камералардың сапасының төмендігіне тоқталды. Сондай-ақ, учаскелік инспекторлардың өзіне бекітілген ауыл аумағында тұруы керектігін айтып, жастар тәрбиесінде назардан тыс қалдырмау керектігін алға тартты. Сала басшылығы аталмыш мәселелерді назарға алып, дәл осы бағытта жұмысты жандандыруға уәде берді. Жиынды аудан әкімі Ернар Есіркепов қорытындылап атқарылған тірлік аз еместігін жеткізіп, депутаттарды бірге белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Жәнібек Базылбек.