Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ
28 ViewsЕл Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ, елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып…
Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!
Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ мақсаты. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе мүліктің зақымдалуына ғана емес, қайғылы жағдайға да алып келеді. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан болады.
Құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда күннің ысуына және желдің күшеюіне байланысты, қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын балаларыңызға түсіндіріп және оларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Қауіпсізідік шаралары:
– оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
– балаларға ойыншық ретінде оттықтарды бермеңіз;
– балаларға газ немесе электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
– өрт болған жағдайда ешқайда тығылмай, далаға жүгіріп шығуды балаға түсіндіріңіз;
– баланы қорқытпай, қауіпсіздік ережелерін айтып, әр түрлі оқиғаны ойын түрінде көрсетіп, орын алған оқиғадан қалай шығу керек екендігі жөнінде айтыңыз;
– үйде бір парақ қағазға жедел қызмет нөмірін жазып қойыңыз және оны қандай жағдайда пайдалануға болатынын балаға түсіндіріңіз.
Ең бастысы төтенше жағдай орын алған сәтте өрт сөндіру қызметі «101» немесе құтқару қызметі «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайының алдын алу.
Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.