Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
20 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік желідегі ақпараттық белсенділігі талқыланып, есепті кезеңдегі рейтинг қорытындысы жарияланды. 2025 жылғы 20 қазан бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде Абай ауылдық округі жоғары көрсеткіш көрсетіп, көш бастап тұр. Аудан әкімі тұрғындармен ашық және тұрақты диалог орнату, ресми парақшаларда ақпарат таратуды жүйелі жүргізу, сондай-ақ, халықпен тікелей байланыс пен кері байланысты күшейту қажеттігін тапсырды. Кеңесте спорт саласының даму динамикасы да қаралды. Ағымдағы жылдың басынан бері аудандық спорт бөлімі тарапынан 210 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Қазіргі таңда аудандағы 27 479 тұрғын, яғни 41,7% бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылдануда. Аудан спортшылары халықаралық спорт ареналарында табысты өнер көрсетуде. Есепті кезеңде спортшыларымыз Азия чемпионатында – 1 алтын, 1 күміс және 3 қола, ал әлем чемпионатында – 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, ауданның спорттық әлеуетін дәлелдеген.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.