Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Аудандық ардагерлер ұйымының ІХ конференциясы өтті
Сәрсенбі күні ауданда аудандық ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің 2025 жылғы 14 қарашадағы №8 қаулысына және Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі төралқасының шешіміне сәйкес ұйымдастырылды.
Конференцияға облыстық ардагерлер ұйымы төралқасының мүшесі Қасымхан Төлендиев, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы, аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы және кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде аудандық ардагерлер кеңесінің 2024 — 2025 жылдары атқарған жұмысы мен алдағы міндеттері, жаңа құрамын және тексеру комиссиясын сайлау, сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының IX конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Конференцияда ардагерлердің қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесіне қосқан үлесі, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы бастамалары сөз болды. Аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы ардагерлерге ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар конференция қатысушылары жарыссөзге шығып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Облыстық ардагерлер ұйымы төралқасының мүшесі Қасымхан Төлендиев атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, алдағы кезеңде де белсенді қызметке тілек білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды.
IX конференция ардагерлер ұйымының қоғамдағы беделін арттыруға, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтуға және ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң болды.
Ақжарқын Мұратбекқызы.