«Ұланымын ұлы елдің!»

19 Views

Өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс көлемінде ұйымдастырылған «ҰЛАНЫМЫН ҰЛЫ ЕЛДІҢ!» атты Жас Ұлан ұйымының форумы жоғары деңгейде өтті.

Тағылымы мол шараға оқушылар, ұстаздар, тәлімгерлер мен құрметті қонақтар қатысып, ұйым жұмысының маңыздылығы кеңінен талқыланып, жұмысты ерекше үйлестіріп, жандандыруға өзіндік үлес қосып жүрген белсенділер марапатталды.

Форум барысында жас ұрпақтың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, елжандылық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту бағытындағы бастамалар сөз болды.

Шараның құрметті қонақтарының қатарында аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек те болды. Ол өз сөзінде Жас Ұлан ұйымының бала тәрбиесіндегі рөліне ерекше тоқталып, ұйымның өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, адами капиталды нығайтуға және белсенді азаматтарды қалыптастыруға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Шара барысында өзекті тақырыптар ортаға салынып, ұйым мүшелері сан түрлі алаңдарда өзара тәжірибе алмасты.

 Өз тілшіміз.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий