АУДАН ӘКІМІ ҚАЙЫҢДЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

12 Views

Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды
ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға
аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов
те қатысты. Аудан әкімі кездесу барысында қол
жеткізілген жетістіктерді, жүзеге асқан жемісті жобалар
мен атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.

Бұдан кейін тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін
ортаға салды. Ауыл азаматтары баспана және жұмыспен қамту,
интернет сапасын жақсарту, мемлекеттік бағдарламалар арқылы
кәсіп бастау сынды бірқатар сауал жолдады. Баспана мәселесіне
қатысты аудан әкімі тұрғын үйлерді үлестіру тәртібінің өзгергенін
атап өтіп, қазіргі таңда барлық тұрғын үйлер «Отбасы банк»
жүйесі арқылы берілетінін түсіндірді. Ал интернет мәселесіне қатысты
жауапты мекемелердің өкілдері бұған
дейін де ауылға бірнеше рет келіп,
тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын
жүргізгенін жеткізді. Сонымен қатар
аудан әкімі кәсіп бастауға ниетті
азаматтарға мемлекет тарапынан
к ө р с е т і ле т і н б і р қ а т а р қ о л д а у
тетіктері бар екенін айтып, мысалға
«Ауыл аманаты» жобасын келтірді.

Кездесу барысында ауыл тұрғынд а р ы н ы ң б і р і ұ л ы н а ж ұ м ы с
тауып беруді өтінді. Аудан әкімі
мәселені шешуге барынша ықпал
ететінін айтып, ауыл әкімі Нұржан
Сералиевке тиісті тапсырма беріп,
бақылауға алу үшін хаттамаға енгізді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Қайыңды
ауылдық округінде бірқатар маңызды
жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда,
Сөгеті мен Мамай ауылдарына
ауыз су желісі тартылса, Қайыңды ауылында 15 келушіге арналған жаңа
медициналық нысан салынып, аудан
әкімінің тапсырмасымен жаңа жедел
жәрдем көлігі де берілген. Бұған
қоса, бұрынғы медициналық мекеме
ғимараты күрделі жөндеуден өтіп,
бүгінде ауылдық округтің әкімшілік
ғимараты ретінде пайдаланылуда.
Мұндай жұмыстардың қайтарымы
да жоқ емес. Ауылға жасалып
жатқан қолдауды сезінген Қайыңды тұрғындары да ауызбіршілік танытып,
бірқатар жобаларды өз күштерімен
жүзеге асырып келеді. Соның бірі –
ауыл атауы жазылған стелла. Бұдан
бөлек ауыл халқы асхана құрылысын
бастаған. Мұндай бастамалар – елді
мекеннің дамуына тұрғындардың
да белсенді үлес қосып отырғанын
аңғартады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий