Т А Ғ А Й Ы Н Д А У

10 Views

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН
ҚЫЗЫРАЛЫ МҰРАТ БАТЫРЖАНҰЛЫ АУДАН ӘКІМІ
АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
Мұрат Батыржанұлы 1995 жылдың 17 сәуірінде Т.Рысқұлов
ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих»
мамандығы бойынша, 2019 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық
университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Т.Рыскұлов ауданы әкімдігінің ішкі
саясат бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша
бастаған. 2018-2019 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА БҚ»
АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің бас менеджері,
2019-2020 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА АҚ БҚ» сатып алу
департаментінің бас менеджері болып еңбек еткен. 2020-2021 жылдары
«Тараз химиялық паркі» АЭА АҚ БҚ» АҚ құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің бас менеджері. 2021-2023 жылдары «Тараз химиялық
паркі» АЭА АҚ БҚ» құқықтық қамтамасыз ету және персоналды
басқару қызметінің аға менеджері болып еңбек еткен. 2023-2024
жылдары Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау
және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің статист
маманы, бас маман және бас инспекторы болып, абыроймен қызмет
атқарған.
2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап, Т.Рысқұлов ауданы әкімі
аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық
жұмысы бөлімшесінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Үйленген. Отбасылы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий