Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
54 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Жуырда Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі әрі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ахмет Молдашевтан тәлім алатын Ардақ Жекен мен Нұрхан Сапар Алматы қаласында жағажай волейболынан өткен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұдан бөлек, дәл осы спорт түрінен ел кубогінде де бақ сынаған құландық қос өрен мақтанышпен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Олар ел кубогі үшін болған жарыста топқа түскен қарсыластарын қапы қалдырып, жүлделі I орынды жеңіп алды. Зерделеп отырсақ, бұрын-соңды аудан спортының тарихында бұндай жетістік болмаған екен.
Марат Аятберген.