Кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қатары көбейіп келеді

1 015 Views

Қазір халықтың қаржылық сауаты артып келеді. Кәсіп болмай нәсіп болмайтынын түсінді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қарасы көп. Өз бизнесін қайтарымсыз қаржыға қол жет­кізу арқылы да бастап жат­қатдар аз емес. Нәтижелі жұ­мыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға ар­нал­ған «Еңбек» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 77 адам­ның қайтарымсыз қаржы алғанын жазған едік. Жаңа жыл қарсаңында олардың қатары 211 адамға артып, ұзын саны 288 аудан тұрғынына 136 350 000 теңге мемлекеттік грант берілді. Мемлекеттік грантқа бизнес жо­баларын ұсынғандардың дені аудандық «Атамекен» кә­сіп­керлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқы­са, «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында қысқа мер­зімді курстардан өткендер де қай­тарымсыз қаржыға қол жет­кізді. Аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қайрат Өскенбаевтың айтуынша 24 желтоқсан күні өткен соңғы гранттар конкурсында 252 500 теңгелік грантты 34 адам, 505 000 теңгелік грантты – 177 адам иеленген. Оның жалпы көлемі 97 млн. тенгеден асқан. Алдағы уа­қытта қайтарымсыз қар­жы алған азаматтар өз кә­­сі­бін ашып, ауданның әлеу­­меттік-экономикалық әлеуе­тін арттыруға өз үлестерін қосатын болады.

М.Сейдашым.

Поделиться ссылкой: